+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова: Туристік алым сомасын мәслихат, төлеу тәртібін Үкімет бекітеді

2021 жылғы 8 сәуір 10:32
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова: Туристік алым сомасын мәслихат, төлеу тәртібін Үкімет бекітеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде басым туристік аумақ ұғымы енгізіленді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанның Самарқан қаласында туристік орталық құрылуда ШҚО-да туристік маусымға белсенді дайындық жүргізілуде ШҚО: Биыл Алакөлге баратын туристер Үржарға ұшақпен жете алмайды

А. Райымқұлова заң жобасының негізгі жаңалықтарына тоқтал келе, Басым туристік аумақ ұғымын енгізу ескерілгенін айтты.

«Басым туристік аумақ - туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ. Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады.

Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған», - деді министр.

Сонымен қатар ол шетелдік туристерге қатысты туристік алым жүйесін енгізу қарастырылғанын атап өтті.

«Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерге туристік алым енгізу әрі осы алым бойынша операторларды анықтау жоспарланып отыр. Туристік алым мөлшерлемесінің өзін мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді», - деді А. Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT