«Aladdin» платформасында Қазақстанның халал өнімдерін саудалау мәселесі пысықталуда

None
None
КУАЛА-ЛУМПУР ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және малайзиялық «Aladdin» компаниясының қатысуымен халал өнімдерімен сауда жасау мәселесіне қатысты бейнеконференция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Елші Болат Иманбаев, Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ маркетинг және электрондық коммерция департаментінің директоры Өжет Шегірбаев, «Aladdin» компаниясының негізін қалаушы және басшысы Десмонд То және өзгелер қатысты.

Кездесу барысында электронды сауда, «Aladdin» платформасындағы халал өнімдерінің саудасы, қазақстандық компаниялардың Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) нарығына және малайзиялық компаниялардың Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына шығу саласындағы өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады.

Компания басшылығы электронды сауда және халал индустриясы саласындағы ОША нарығы туралы, «Aladdin»-нің жұмысы, платформадағы сауда-саттық қағидаттары және тіркелу туралы толық ақпарат берді.

Бейнеконференция нәтижесінде тараптар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты. Атап айтқанда, өз тауарларын ОША нарықтарына шығару үшін қазақстандық компаниялардың тізімін пысықтау, «Aladdin» компаниясын «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізінде тіркеу және ҚР Сауда және интеграция министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою келісілді.


Соңғы жаңалықтар