+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Алакөл жағасында шипажай салынады

2019 жылғы 22 қараша 15:20
Бөлісіңіз:
Алакөл жағасында шипажай салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның туризм саласындағы бұл жаңалықпен облыс басшысы Даниал Ахметов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алакөлдегі су сынамасының нәтижесі белгілі болды Алакөлге ағызылған судан сынама алынды - әкімдік Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды

«Алакөл жағалауы бүгінгі таңда Қазақстанның басымдыққа ие туристік орындарының ондығына кірді. Соңғы 3 жылда инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда 28 миллиард теңгеге тағы 7 ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сол секілді Ресей Федерациясының Курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институты жыл бойы сауықтыру туризмін дамыту үшін көлдің емдік қасиеттері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Зерттеу нәтижелерінің өзі көлде санаторий салуға болатынын көрсетіп отыр», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысы сонымен бірге Алакөл жағалауының дамуы бюджетке салық төлемдерінің түсіміне ықпал ететінін жеткізді.

«Былтырғымен салыстырғанда биыл Алакөлдің табыс мөлшері 1,6 есе өсті. Сонымен қатар облыста медициналық туризмді дамытудың барлық алғышарттары жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес медициналық қызмет - медициналық туризмді дамытуда артықшылыққа ие болуы мүмкін. Олардың үшеуі - кардиохирургия, нейрохирургия, бірлескен протездеу - Шығыс Қазақстан облысының клиникаларында бар», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT