Алакөлде құны 20 млрд теңгені құрайтын алты жоба іске асады – әкім

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Алакөл демалыс орнында 6 ірі жоба іске асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.

«Соңғы үш жылда Алакөл жағалауын абаттандыруға және жол жөндеуге облыстық бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінген. Енді алдағы 4 жылда 20 миллиард теңгеге тағы алты ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Біздің мақсат – бұл демалыс орнына келетін туристтердің санын 1 млнға жеткізу», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, биыл Үржар ауданы орталығындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылады. Сонымен қатар Алакөл жағалауына су құбыры жүйесі мен электр желілері тартылмақ.


Соңғы жаңалықтар