+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алакөлге баратын теміржол және автобус рейсінің саны артады

2021 жылғы 22 сәуір 17:20
Бөлісіңіз:
Алакөлге баратын теміржол және автобус рейсінің саны артады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 мамырдан бастап әуежай ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мақсатында жабылады. Соған орай Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны біршама көбейтілмек. Сондай-ақ халық өз көліктерімен ыңғайлы жету үшін жол да жөнделуде. Онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары Асылбек Нұғыманов «Өскемен – Қалбатау» тасжолының толықтай асфальтталғанын айтты.

«2017 жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тасжолын реконструкциялау жұмыстары басталған. Шығыс Қазақстан аумағындағы жолдың ұзындығы 454 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жоба бойынша жұмыстардың 57 пайызы аяқталған. Қалған шаралар 2021 жылдың соңына дейін мәресіне жетпек», - деді ол.

Биыл негізгі жұмыстар Қалбатаудан Аягөзге және одан кейінгі Таскескенге бұрылар тұсқа дейін жүргізіледі. «Таскескен-Бақты» жолын реконструкциялау жұмыстары шілде айында аяқталады.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, Алакөлге баратын пойыз вагондары көбейтілсе жолаушылар үшін орындар саны 352-ден 456-ға дейін артады.

«17 маусымнан бастап құрамы 10 вагоннан тұратын «Алматы-Достық» бағытындағы пойыз аптасына үш рет қатынай бастайды. Бұл қосымша 450 орынды қамтамасыз етеді. Өскемен, Семей қалаларынан келетін демалушылар үшін вагондар саны бестен жетіге дейін көбейтіледі. Бұдан бөлек, күнделікті жүретін автобустар саны ұлғая түспек. Нақты айтқанда, екі есеге, сегізден 16 автобусқа артады. Осының арқасында қоғамдық көлік арқылы Алакөлге жететін туристтер саны 35,7 мыңнан 71,4 мың адамға дейін көбейеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT