+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Алаш идеясынан артық идея мен ұстаным  жоқ - Азат Перуашев

2020 жылғы 25 қараша 12:28
Бөлісіңіз:
Алаш идеясынан артық идея мен ұстаным  жоқ - Азат Перуашев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясының ұйымдастыруымен Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» онлайн конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгін «Алаш» қозғалысының рухани көсемдерінің бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына байланысты конференция өткізіп отырмыз. 2020 жыл елеулі әрі маңызды шараларға толы болды, биыл Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толды», - деп тоқталды «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Осы орайда ол Міржақып Дулатұлы «Алаш» қозғалысында ерекше рөл ойнағанын еске салып, оның еңбектеріне тоқталды.

«1909 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» кітабы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының манифесіне айналған құжат болған. «Ақ жол» партиясы Алаш ұстанымдары мен ұлттық идеясына ерекше назар аударып келеді. Жақында ғана партиямыздың құрылтайында қабылдаған саяси бағдарламасында да біз Тәуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясына, яғни осы екі ұғымға ерекше бап арнадық. Біздің ойымызша, Қазақ елі үшін Алаш идеясынан артық идея мен ұстаным жоқ. Алаш көсемдері, оның ішінде Міржақып Дулатұлы сияқты азаматтардың тарихи рөліне, олардың еңбектеріне арналған зерттеулер, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізіп жатырмыз. Бүгінгі конференцияда белгілі алаштанушылар, ғалымдар мен тарихшылар бас қосып отыр» , - деді А. Перуашев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT