Албаниядағы жер сілкінісі: 3 адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Албанияда сейсенбі күні күші 6,4 балдық жер сілкінісінің салдарынан үш адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Exit жаңалықтар порталының жазуынша, Дуррес қаласына жақын орналасқан бірнеше ғимарат қираған. Ел астанасы Тиранда да дүмпу сезілген.

Италиялық Sky TG24 телеарнасы дүмпу Италияның кейбір оңтүстік провинцияларында да тіркелгендігін хабарлады.

Олардың ақпаратынша, Албанияда 150-ден астам адам зардап шегіп, көпшілігі үйінді астында қалған.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 04.00 кезінде тіркелген. АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, зілзала кіндігі Тиранға жақын орналасқан Шиджак қаласынан солтүстік-батыс бағытта 10 км жерде, ал ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Соңғы жаңалықтар