Алдағы үш тәулікте күн жылы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер Қазақстан бойынша 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады. Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы Батыс циклоны келеді. Оның әсерінен

жауын-шашындатып (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылиды. Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, онымен температураның аздап төмендеуі күтіледі: түнде 5 градус дейін суытады күндіз 3 градус суық пен 5 жылы аралығында.

Маңғыстау облысында —10 градус жылы. Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар