Александр Герлиц шаңғы жарысынан Паралимпиада ойындарының финалына шықты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан Паралимпиада ойындарының финалына шықты. Ол сәрсенбі күні Чжанцзякоу қаласындағы шаңғы спорты ұлттық орталығында өткен жартылай финалда екінші келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда 3 минут 26,3 секунд көрсеткішпен екінші болды. Онымен қатар қытайлық шаңғышы Цай Джун мен неміс М.Майер де финалға шықты.

Сәрсенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:13) өтетін ақтық сында Александр Герлиц шаңғы жарысының фавориттері – Қытай, Украина, Франция және Германия спортшыларымен жеңіс тұғырындағы орындар үшін таласады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды: Александр Герлиц парабиатлонда қола жүлдегер атанды.


Соңғы жаңалықтар