Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желіде шенеуніктің Талдықорған кәсіпкерлерімен кездесуінің видеосы таратылған болатын. Қала тұрғындары жүздесу барысында бас санитарлық дәрігердің дөрекілік танытқандығына шағымданған еді.

«Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернетте және БАҚ-та жарияланған видеоны зерттеді. Ол азаматтардың ренішіне түсіністікпен қарап, мұндай әрекет мемлекеттік қызметшіге лайықсыз деп есептейді. Осы орайда денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеруді бастауды тапсырды», делінген хабарламада.

Бағдат Қожахметов тексерудің жалғасып жатқандығын және оның қорытындысы туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа орталығы сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында хабарлайтындығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар