Алексей Цой бес жылда салынатын медициналық нысандар туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай жөндеумен және құрылыспен медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 1095 нысаны қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы 5 жылда 95 млрд теңгеге 515 амбулаторлық-емханалық ұйымның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 211 медициналық, 158 фельдшерлік-акушерлік пункт, 127 дәрігерлік амбулатория мен медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 19 емханасы мен орталығы қамтылған», - деді министр.

Оның айтуынша, өңір әкімдіктері медициналық-санитарлық алғашқы көмектің тозығы жеткен 580-нен астам нысанында күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай жөндеумен және құрылыспен медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 1095 нысаны қамтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой биыл ауылды елді мекендердерде медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 90 нысаны салынатынын айтты.



Соңғы жаңалықтар