Алексей Цой: Екі қалада коронавируспен реанимацияда жатқандар көп болып тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан реанимацияда жатқан науқастар көп болып тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күнделікті мониторингке сәйкес, осы жылдың 20 сәуіріндегі жағдайға орай өңірлер шегіндегі бос емес төсек-орындар саны республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың 41, ал реанимациялық төсек-орындардың 27 пайызын құрайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бос емес инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары көрсеткіші Батыс Қазақстан облысында 63, Алматы облысында 61 және Алматы қаласында 56 пайызды құрап отыр.

«Ал бос емес реанимациялық төсек-орындардың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында 53, ал Нұр-Сұлтан қаласында 56 пайызды құрайды», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар