+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Алексей Цой коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырды

2021 жылғы 7 сәуір 20:11
Бөлісіңіз:
Алексей Цой коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандастарын коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады Коронавирус пневмониясы: Елімізде жаңа 135 жағдай тіркелді Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны  252 мыңнан асты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілі министрге: «Денсаулық сақтау министрлігінің өзін-өзі емдеуге қатысты ұстанымы қандай? Қазір WhatsApp чаттарында Ляньхуа Цинвэнь капсуласы сынды қытай дәрісіне қатысты ақпарат тарап жүр. Аталған дәрінің ресми сатылатындығына да күмән бар. Аталған капсула мен өзге де қытай дәрілері дәрі-дәрмек тізіліміне және емдеу хаттамасына кіре ме?», - деп сұраған еді.

«Біз азаматтарға өзін-өзі емдеумен мүлдем айналыспауға кеңес береміз. Өйткені, аурулардың барлығы бірдей бірден байқала бермейді. Кейбір аурулардың, оның ішінде коронавирус инфекциясының да қатпарлануы жиі байқалады. Дәрілік затты тағайындау туралы шешімді дәрігер ғана қабылдауы тиіс екендігін түсіну өте маңызды», - деп жауап берді Алексей Цой.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Ляньхуа Цинвэнь капсуласы биологиялық белсенді қоспа екендігін, оның елімізде тіркелуіне қатысты мәлімет алу үшін тиісті ведомствоға хабарласу қажеттігін айтты.

«Егер препарат Қазақстанда тіркелмесе, онда республика аумағында таратуға рұқсат жоқ. Мұндай жаңа заттар көбіне биологиялық белсенді қоспа ретінде тіркеледі және емдеудің клиникалық стандартына кірмейді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT