Алексей Цой өтемақы туралы: Әр жағдай жеке талданады, дәрігерлер уайымдамасын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлеріне өтемақы беру мәселесінде әрбір жағдай жеке әрі жіті зерттелетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көп адам медицина қызметкерлеріне өтемақы берер кезде тамызға, яғни коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілгенге дейін анықталған адамдар одан сырт қалмай ма деген сұрақ қойып жатыр. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Міндетті түрде мәселені жіті зерттейміз. Әрбір жағдай жеке талданады. Біздің әріптестеріміздің ешқайсысы бұл мәселе бойынша алаңдамай-ақ қойсын», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, дәл қазіргі уақытта келешек үшін күш салған абзал.

«Көп уақыт өтпей күз келеді. Бұл статистикада өтемақы мен төлемақы ғана емес, ең бірінші кезекте ресрустарды бөлу, болжау, диагностика мен ауруханаға жатқызу мәселелері қамтылады. Бұл міндеттер – қазіргі уақытта басты маңызға ие», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар