Алексей Цой вакцинациялау кестесі сақталмаған өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау кестесі сақталмаған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде өңірлерде 188 мың доза вакцина бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес, кезең-кезеңмен жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Ай соңына дейін2 млн азаматты вакцинациямен қамтамасыз ету жоспарланған. Жұмыс жалғасуда», - дедң Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, өңірлердегі вакцинацияның күнделікті жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіліп отырады.

«Кестеден үш өңірдің, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының, Маңғыстау мен Қарағанды облыстарының қалуы байқалады. Осыған орай аталған өңірлердің әкімдіктері вакцинациялау кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар