«Әлем барысы» атанған Роман Бобиков Qazaq Kuresi ӘЧ-дағы жеңісіне сенімді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі дүркін чемпион Айбек Нұғымаровты жеңіп «Әлем барысы-2019» жеңімпазы атанған ресейлік Роман Бобиков Ақтөбеде 15-16 желтоқсанда өтетін Qazaq Kuresi Әлем чемпионатына қатысатындығын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл мен қазақ күресіне өте мұқият дайындалдым. Маусым айынан бастап жаттығуларға белсенді кірістім, қарсыластарымды зерттедім, олардың жекпе-жегін бақылап, әр спортшының өзіндік техникасын білдім де, соған сәйкес өзімнің тактикамды жасадым. Бұл маған «Әлем барысы-2019» финалында жеңімпаз атануға көмектесті. Ендігі Qazaq Kuresi Әлем чемпионатында да көмектеседі деп сенемін», – дейді чемпион Роман Бобиков.

Ресейлік спортшы +100 салмақта және абсолютті салмақта белдесетін болады. Романның айтуынша, «қазақша күрес - бұл өте ыңғайлы спорт түрі, мұнда сіз өзіңіздің бар мүмкіндігіңізді, физикалық күшіңізді қолдана аласыз. Сонымен қатар, оның жарақат алу қаупі жағынан аз болғаны ұнайды».

Qazaq Kuresi бүкіл әлемде дамып келеді. Бүгінгі таңда Федерация құрамында 29 ел бар. Әлем чемпионатына алғаш рет Корея, Франция, Ауғанстан және Испания сияқты елдер қатысады. Осылайша, Халықаралық Qazaq Kuresi федерациясы өзінің географиясын кеңейтуде.

«Ресейде көптеген спортшылар осы спорт түріне қызығушылық танытуда. Әлем чемпионатына әр салмақ категориясында тек бір ғана балуанның келуі өкінішті. Біздің құрамада дзюдо және самбо чемпиондары бар. Қазір біз күнделікті таңертеңнен кешке дейін қарқынды жаттығу жүргізіп жатырмыз. Мен, тіпті, »Әлем барысы« ұтысын жұмсап үлгермедім», – дейді чемпион.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында өтетін Qazaq Kuresi Әлем чемпионатына 40-тан астам елдің спортшылары қатысады. Чемпионатта 8 шетелдік және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы - бұл халықаралық деңгейге ие қазақ Qazaq Kuresi турнирлерінің белсенді ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақстандағы жалғыз қоғамдық ұйым.

Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізеді. Екі жылдан астам уақыт ішінде: Qazaq Kuresi 2017 Әлем чемпионаты (Астана, Қазақстан), 2018 Халықаралық бапкерлер мен төрешілерге арналған семинар (Тбилиси, Грузия), Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты (Грузия және Польша), 2018 оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), Азия чемпионаттары (Қазақстан және Моңғолия) федерацияның қолдауымен «Әлем барысы» секілді турнирлер өткізілді.

Соңғы жаңалықтар