«Әлем барысы»: Қазақ пен орыс палуаны чемпиондыққа таласады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Әлем барысы» әлем чемпионатының жартылай финалында Ресей палуаны Роман Бобиков Өзбекстан палуаны Мухсин Хисамиддиновпен белдесті. Тартысты өткен белдесу барысында Ресей палуаны жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, өткен жылы Ресей палуаны Роман Бобиков Грузия палуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бас жүлде иеленген.
Ал, биыл ақтық жекпе-жеке дейін жетіп отыр. Енді ол Әлем барысы атану үшін Айбек Нұғымаровпен белдеседі.
Осы белдесуге дейін барлық қарсыласын ұтып келген Айбек Нұғымаровтың «Қазақстан барысы» (2013), «Әлем барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014, 2018) сынды атақтары бар. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар спортшымыз «Құрмет» орденінің де иегері.
- Чемпиондар лигасы: Жарысты жалғастыратын 8 команда анықталды
- Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» австриялық клубтан айласын асырды
- Италиялық хирург алматылық қыздың тамағына ота жасап, дауысын қайтарды
- Ақшасы көңілінен шықса, «Канело» Головкинмен үшінші рет айқасуы ықтимал
-
Елордада алғашқы Dream Cup балалар турнирі өтті
-
Ақмолалық палуан қыздар республикалық турнирде топ жарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам