Әлемде 3,6 миллиард адамның қауіпсіз дәретханаларды пайдалану мүмкіндігі жоқ – ДДСҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде 3,6 миллиард адамның қауіпсіз дәретханаларды пайдалану мүмкіндігі жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Дүниежүзілік денсаулық күніне орай таратқан ақпаратында осындай мәлімет келтірілген.

Ұйым таратқан мәліметтерге қарағанда, әлемде жыл сайын судың ластануы мен антисанитария салдарынан туындаған диарея ауруларынан 829 000 адам қайтыс болады.

Сондай-ақ ұйым есебі бойынша әлемде 2 млрд адам қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан су көздерін қорғау, ағын сулардың, қалдықтар мен химиялық заттардың көлдерге, өзендер мен жерасты суларына түсуіне жол бермеу маңызды.

ДДСҰ-ның хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтудегі мақсат қоғамның назарын денсаулық проблемаларына аудару.

«Денсаулықты сақтау - бұл әр адамның міндеті ғана емес, сонымен қатар қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар, денсаулық сақтау жүйелері жүргізетін шаралардың кең спектрі. 2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Біздің планетамыз, біздің денсаулығымыз» атты жаһандық идеологияға арналған. Пандемия, планетарлық экологиялық дағдарыс, қатерлі ісік, астма және жүрек аурулары сияқты аурулардың әсерінен ДДСҰ әлемдік қоғамдастықтың назарын адам денсаулығы мен планетаны қорғауға, адамның әл-ауқатына бағытталған қоғам құру қозғалысын күшейтуге бағыттайды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстанда «Pfizer» вакцинасын 36 179 жүкті әйел салдырғаны хабарланды.



Соңғы жаңалықтар