Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18,8 миллионнан асты

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Еуропаның бірнеше елінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты.

Германия бельгиялық Антверпенді қауіп аймағы деп атады. Польшаның бірнеше ауданында маска тағу міндеттелді. Лос-Анджелесте түрлі сауық кештерінің ұйымдастырылуын болдырмау үшін жарықты сөндіріп тастайтын болған. Әлемде індетке шалдығу жағдайларының саны 18,8 миллионнан асты. Коронавирус індеті тарағалы 708,3 мың адам көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропаның бірнеше елінде, оның ішінде Францияда, Испания мен Германияда коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары көбеіп кетті. Мамандар демалыс кезеңі эпидемияның екінші толқынына әкелуі мүмкін деп қауіптенеді.

Францияда бір тәулікте індетке шалдығудың 1695 жаңа оқиғасы анықталды. Бұл – соңғы екі ай ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Індет тарағалы елде 228,5 мың адам ауырған. Франция індеттен қайтыс болғандардың саны бойынша Еуропада Британия мен Италиядан кейінгі үшінші орынға шықты.

Маусым айында карантин шаралары жеңілдетіле бастаған Испанияда 24 сағат ішінде 1772 адамның Covid-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Елде барлығы 305,7 мың ауру жұқтыру жағдайы анықталған.

Швейцария Испаниядан келгендер үшін міндетті екі апталық оқшаулау режимін енгізді.

Германияда санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау қызметі ірі бельгиялық Антверпен қаласын қауіп аймағы деп атады. Сондықтан да осы қаладан келгендердің барлығы оқшаулануы керек. Сондай-ақ Роберт Кох институты үш айдае бергі бір тәулік ішіндегі ең көп ауру жұқтыру көрсеткішін тіркеді. Мұнда бір тәулікте 1045 адам коронавирусқа шалдыққан. 7 мамырдан бері алғаш рет тәуліктік көрсеткіш мыңнан асты.

Польшаның кейбір аудандарында негізінен елдің оңтүстігінде және шығысында, маска тағу қайтадан міндеттелді, деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовский. Оның айтуынша, Covid-19 жұқтырғандар санының өсуіне байланысты шектеулер ауру деңгейі ең жоғары 19 әкімшілік бірлікке қатысты болмақ.

Лос-Анджелесте індетпен күресудің ерекше жолын ойлап тапты. Қала мэрі Эрик Гарсетти өзінің әкімшілігіне жұма күнінен бастап сауық кеші өтетін орындарда электр қуаты мен суды өшіруге рұқсат берді.


Соңғы жаңалықтар