Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты
2022 жылғы 20 мамыр 16:03

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 524 млн 49 мың 571 адамға жетті. Бұл деректі Америкадағы Джонс Хопкинс зерттеу университеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ВАК хабарламасында көрсетілгеніндей, вирус тарала бастағаннан бері әлемде COVID-19 инфекциясынан 6 млн 273 мың 518 адам қайтыс болған. Инфекция жұқтырғандар саны 20 миллионнан асатын елдер бар. Олардың қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.

Бұған дейін Солтүстік Кореяда бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырғаны хабарланған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT