Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны артуда

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Сенбі күні Қытайда коронавирус жұқтырудың жаңадан 2009 жағдайы тіркелді, деп хабарлады Синхуа агенттігі ҚХР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сенбі күні коронавирустан тағы 142 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Олардың 139-ы індеттің ошағына айналған Хубэй провинциясында көз жұмған. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, екі адам Сычуань провинциясында және біреуі – Хунань провинциясында көз жұмды. Сондай-ақ, 2009 адамның ішінде 1843-і Хубэй провинциясынан. 1843 науқастың 888-іне клиникалық диагноз қойылды. Осылайша, Қытайда коронавирус жұқтырудың расталған 68 500 жағдайы тіркелді.

Yonhap дерегі бойынша, Оңтүстік Кореяда 82 жастағы ер адамның жаңа вирусты жұқтырғаны анықталды. Ол соңғы уақытта елден мүлдем шықпаған. Оңтүстік Кореяда індетке шалдыққандардың жалпы саны – 29 адам.

Сонымен қатар, Diamond Princess круиздік лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. The Guardian хабарлағандай, жексенбі күні Жапонияда 4 ақпаннан бері карантинде болған лайнердің жолаушылары арасында 70 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 355 адамға жетті. Diamond Princess бортында азаматтары бар АҚШ, Гонконг, Канада, Аустралия және тағы басқа елдер өз адамдарын эвакуациялауға дайын. Олар үйлеріне оралғаннан кейін 14 күнге карантинге орналастырылады.


Соңғы жаңалықтар