Әлемде коронавирустан көз жұму дерегі 2020 жылдың жазындағы деңгейге қайта теңесті – ДДҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айында Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны үш есе өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

«ДДҰ осы жазда Еуропа елдерінде COVID-19 өршиді деген болжам жасап отыр. Ұйымның мәліметінше, қазір Еуропалық аймақтың 53 елінде күн сайын 500 мыңға жуық коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр. Тәуліктік өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейде – күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады», - делінген ВАК мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ДДҰ COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында уақтылы вакцина алуға және қоғамдық орындарда бетперде тағуға, ал аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырады.


Соңғы жаңалықтар