Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 240 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша коронавирустың тәулігіне 463 мыңнан астам расталған жағдайы тіркеледі. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын жұқтыру деректеріне қатысты жаңа мәлімет жариялады. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны 239 миллионнан асты. ДДСҰ сайтында хабарланғандай, коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны тәулігіне 463 378-ге артып, жалпы саны 240 135 079 құрады, қайтыс болғандар саны 7 638-ге артып, 4 889 370 адамға жетті. Инфекцияны жұқтыру бойынша бірінші орында АҚШ (44 767 906 адам), екінші орында Үндістан (34 037 592), үшінші орында Бразилия (21 612 237) тұр.

Индонезия азаматтарды коронавирусқа қарсы иммундау бойынша жедел науқан жүргізуде. Үкіметтің хабарлауынша, вакцинаның алғашқы инъекциясын 104 миллион азамат алған. Вакцинацияның толық курсынан 60,4 млн адам өтті. Ел билігінің егде жастағы адамдар мен жастарды COVID-19-дан вакциналаудағы күшейтілген жұмыстары Индонезия басшылығының назарында болмақ. 14 қазандағы мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғаннан бері елде індетке шалдығудың 4 232 099 жағдайы тіркелді, 142 848 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар