Әлемде соңғы екі жылда алғаш рет бір аптада 10 мыңнан аз адам ковидтен қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы екі аптада әлем бойынша коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларының саны 3,1 миллионнан аспады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Өлім-жітімнің көрсеткіштері төмендеп жатыр. Жеті күнде COVID-19 салдарынан 9,6 мың адам қайтыс болды, бұл – 2020 жылдың көктемінен бергі ең төменгі сан.

АҚШ бесінші апта қатарынан әлемде ковид ауруы бойынша бірінші орында тұр. Соңғы жеті күнде онда 660 мыңға жуық жаңа жағдай анықталды, бұл алдыңғы ұқсас кезеңге қарағанда 60 мыңға көп.

Сондай-ақ, Бразилияда жаңа індеттер тіркелді, онда инфекцияның таралу қарқыны наурыздағы деңгейіне жетті, тәулігіне 40 мыңнан астам жаңа инфекция тіркелген. Мексикада ауру өткен аптамен салыстырғанда екі есе өсті, қазір онда күніне 6 000-ға жуық адамға ковид диагнозы қойылады.

Сонымен қатар, Канадада инфекцияның таралу деңгейі сәуірмен салыстырғанда бес есеге төмендеді.

Еуропа бойынша аурудың ең жоғары деңгейі Германияда сақталып тұр, онда бір апта ішінде шамамен 300 мың адамда коронавирус анықталды. Сонымен қатар, соңғы екі күнде күрт өсу байқалады - күніне жұқтырғандар саны тағы да 70 мыңнан асты.

Францияда Германияға қарағанда бір апта ішінде ковид ауруын жұқтырғандар екі есе кем болды, дегенмен соңғы күндері онда жаңа індет тіркелді - күніне 40 мыңнан астам адам жұқтырған. Италияда да, сәуірдің ортасынан бері тұрақты құлдырауға қарамастан, өсім осы аптада қайтадан байқалды - күніне 20 мыңнан астам вирус жұқтырған.

Ұлыбритания мамыр айынан бері алғаш рет күніне 10 мыңнан астам вирус жұқтырғандарды анықтай бастады.

Азияда ең қиын жағдай әлі КХДР-да сақталып тұр, онда мамыр айының басында коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды. Алайда, бір апта ішінде ковидпен ауыратындардың нақты санын есептеу мүмкін емес, өйткені билік қызба белгілері бар жағдайларды да тіркейді. Сенбі күні халықтық республика билігі қызбаның 42 810 жаңа жағдайы туралы хабарлады. КХДР-дағы коронавируспен күрес, ел көшбасшысы Ким Чен Ын айтқандай, тек карантиндік шараларға негізделген тәсілден COVID-19-ды «локдаун және жоюға» дейінгі жаңа кезеңге өтті.

Австралияда соңғы үш аптада инфекцияның таралу деңгейі бір жарым есеге төмендеді. Сонымен қатар, Жапонияда мамыр айының ортасымен салыстырғанда ауру екі есеге азайды, қазір елде күніне шамамен 15 мың адамға ковид диагнозы қойылады.

АҚШ-та бесінші аптада ковидтен 1,5 мыңға жуық адам қайтыс болды, бұл қазір әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Өлім көрсеткіші бойынша екінші орында Ресей тұр, онда соңғы жеті күнде 500 өлім тіркелді, бұл – елдегі 2020 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі көрсеткіш.


Соңғы жаңалықтар