Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі көшбасшы өзгерді

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос әлемдегі ең бай адам статусынан айырылды. Оның орнын Louis Vuitton және Dior иесі Бернар Арно басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes басылымына сілтеме жасап.

LVMH холдингі басшысы мен Louis Vuitton, Hennessy, Christian Dior брендтері иесінің байлығы $116,5 млрд-қа бағаланып отыр.

Екінші орында – америкалық бизнесмен Джефф Безос. Ол бұған дейін ғаламшардағың ең бай адамы ($115,6 млрд) болған. Ал үшінші орынға оның отандасы Билл Гейтс ($110,6 млрд) жайғасты.

Ірі миллиардерлердің алғашқы бестігіне америкалық Уоррен Баффетт ($90,6 млрд) пен Марк Цукерберг ($82,2 млрд) кірді.


Соңғы жаңалықтар