Әлемдік ахуал бізге селқос жүруге болмайтынын көрсетті – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдегі ахуал бізге селқос жүретін уақыттың жоқтығын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында көтерген бастамалары жайында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері Әлішер Әбдірешев осылай деді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен сайлау Қазақстан үшін реформалар мен мемлекеттің жан-жақты дамуының жаңа есігін ашады. Жаңа жыл, өздеріңіз білетіндей, біздің мемлекетіміз үшін мерейтойлы жыл. Осыған байланысты Президент Қазақстанның және оның әрбір азаматының басымдығы - қоғамның әл-ауқатын нығайту болуы керектігін атап өтті. Президент әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру - негізгі мақсат ретінде күн тәртібінен түспейтінін салды. Жаһандық шиеленіс пен экономикалық дағдарыс жағдайында бұл міндет одан да маңызды бола түседі», - деді Әлішер Әбдірешев.

Сарапшы Мемлекет басшысының бірқатар басымдыққа ерекше тоқталғанын еске салды.

«Ол басымдықтарға биыл мемлекеттік аппараттың негізгі назары аударылары анық. Оған мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, сот жүйесінің реформасы, адам капиталының сапасын арттыру қажеттілігі, бизнес жүргізу шарттарын жақсарту, электронды жүйені одан ары либерализациялау істері енеді. Президент айтқан барлық аспект бізге ел басшылығының халықпен байланыста екенін және олардың өтініштері, қажеттіліктерін нақты біліп отырғанын айқын көрсетеді», - деді сарапшы.

Әлішер Әбдірешев коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге, оның ішінде Қазақстанға да денсаулық сақтау саласының маңыздылығын түсіндіргенін атап өтті.

«Өкінішке қарай біздің азаматтар сапалы медициалық қызмет алу жағынан көптеген проблемамен бетпе-бет келеді. Әсіресе пандемияның шырқау шегінде бұл мәселе ерекше сезілді. Ауруханалардағы ахуал сол тұста қандай болғанын бәріңіз де білесіздер. Осыған байланысты Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол ең алдымен пациенттер мен оның мүдделеріне бағытталуы тиіс. Мәжілістің құрамына өз салаларының көптеген жаңа мамандары кірді. Жаңартылған құрам жұмыстың алғашқы күнінен бастап-ақ өзінің тиімділігін көрсетуі керек. Әлемдегі жағдай бізге тербеліп жүретіндей уақыттың жоқтығын көрсетті. Сондықтан Қазақстан Республикасы өзінің стратегиялық бағдарын жалғастыра отырып, артта қалмауы керек», - деді ол.

Еске сала кетсек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында біршама бастама көтерген болатын.


Соңғы жаңалықтар