Әлемдік автоспорт жұлдыздары Қазақстанға келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі автоспорт жарысының ең ұзақ және ең қауіпті «Жібек жолы -2020» ралли-рейдінің маршруты Қазақстан аумағынан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат sport.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Ресей, Қазақстан және Қытай секілді үш елдің мемлекетаралық жобасының оныншы, мерекелік марафоны. «Жібек жолы» мерекелік раллиі 2020 жылдың 3 шілдесінде Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда басталып, 16 шілде күні Қытайдағы Үрімжіде аяқталады.

Қатысушыларды Ресейдің ормандары мен өзендері мен жолсыз аймақтарынан кейін Қазақстанның жазықтары мен далалары, алып шөлейт ландшафт күтіп тұр. Содан кейін қатысушылар бір күн демалып, Гоби шөлінде жалғасын табатын қытайлық кезеңге жол тартады. 8000 километр қашықтықты еңсерген марафон Үрімжіде аяқталады.

«Жібек жолы» раллиінің ұйымдастырушылары бұл жарыстың теңдесі жоқ деп есептейді.

«Бізді барлық жерде тағатсыздана күтіп отыратынын әр қатысушы біледі. Раллидің көмегімен біз әлем жұртшылығына жергілікті тұрғындарды, олардың мәдениеті мен табиғатының әдемілігін көрсеткіміз келеді. Біз мерекелік он жылдық басылымға логистика тұрғысынан қиын емес, бірақ спорт тұрғысынан қызықты маршрут жасауды ойладық, - дейді жоба жетекшісі, бұрынғы «КАМАЗ Мастер» командасының белді мүшесі Владимир Чагин.

Атап өтетін жайт, «Жібек жолы» трансконтиненталды жарысы тұңғыш рет ралли-рейд бойынша FIA Әлем Кубогының кезеңіне айналды. Silk Way Rally 2020 кросс-кантриден FIM әлем чемпионаты мен ралли-рейд бойынша FIA әлем кубогының ең ұзақ кезеңі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Жібек жолы» раллиі екі жыл қатарынан өткізілген. 2016 жылы трансконтиненталды марафон қатысушылары «Жібек жолын» әлемдегі ең күрделі жарыс деп атады.

Соңғы жаңалықтар