Әлемдік мұнай бағасы күрт құлдырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма, 6 наурыз күні Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2017 жылдың жазынан бері алғаш рет 48 долларға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай баррелінің бағасы 5 пайызға жуық құлдырап, 47,1 долларға түсіп, соңынан 47,58 долларға көтерілді.

Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы да төмендеді. Сәуір айындағы фьючерстер баррелі үшін 44,43 долларға сауда жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар