«Әлеуметтік әмиянды» енгізу 2022 жылдың соңына дейін жоспарланған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік әмиянды» енгізу 2022 жылдың соңына дейін жоспарланған. ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуныша, 2021 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды - банктерді қосу және «әлеуметтік әмиянды» іске қосу арқылы жедел төлемдер жүйесін дайындау жоспарланған.

Жобаны тестілеуді бастау үшін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік әмиянға кезең-кезеңімен аудару алгоритмін әзірлеу қажет.

Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, цифрлық әмиянды іске асырудың келесі кезеңдеріне арналған жоспарлар туралы хабарлады.

Осылайша, 2022 жылдың соңына дейін «әлеуметтік әмиянды» өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және жаңа сервистерді енгізу жоспарланған (жеке кабинеттің функциясын кеңейту, түрлі интернет дүкендерге қосылу және т.б.).

Ал 2023-2024 жылдар аралығында министрлік цифрлық әмиянды Ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіруді, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиянға» аударылатын әлеуметтік төлемдердің түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар