Әлеуметтік маңыздағы істер бірінші кезекте қаралады – Әділет министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар санаттағы істерді бірінші кезекте қарастырады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Министрдің атап өтуінше, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге, істердің әлеуметтік-маңызды санаттарын орындаудың басымдылығын қамтамасыз ету бойынша жеке сот орындаушылары және палаталардың қызметін ұйымдастыруға бағытталған өзгерістер қарастырылған.

Сонымен қатар тиісті заң бойынша уәкілетті органның (ҚР Әділет министрлігі) бақылауы және прокуратура тарапынан қадағалауы күшейтілді. Бұл жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

М. Бекетаевтың сөзіне қарағанда, жаңа заңда шектеу шараларын алып тастау тәртібін, оның ішінде өндіріп алушының өтініші бойынша қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша регламенттеу, сондай-ақ олқылықтар мен коллизияларды жою көзделген.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңды Парламент қабылдады, енді Президенттің қарауына ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар