Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендету жалғасуда – Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау.

Ақмола облысының ауылшаруашылық, атап айтқанда сиыр және құс етін, сүт, жұмыртқа және өзге де өнімдерді өндірушілермен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселерерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым.

Әрбір өндірушімен делдалсыз ынтамақтаса отырып, әкімшілік кедергілерді жоямыз», - деп жазды қала әкімі.

А.Көлгіновтің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді.

«Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығынның және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар