+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,4 пайызға қымбаттады

2021 жылғы 2 наурыз 10:18
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,4 пайызға қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экспорттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің де өндірісін арттыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді Қоғамдық кеңес өкілдері жұмыртқаны негізсіз қымбаттатқандарға шара қолдануды сұрады

«23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуі 2,4 пайыз деңгейінде тіркелді. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті. Олардың жалпы өсімге қосқан үлесі 2 пайыздық тармақты құрады», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған Бақыт Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, азық-түлік тауарларының бағасы өндіріс пен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Мұндай ағындар сыртқы нарықтардың бағаларын ішкі саудаға да әсер еткізеді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажет», деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT