Әлеуметтік проблемаларды шешуге мүдделі адамдар саны артты - Эмин Аскеров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік оң қарқында дамып келеді. Бұл туралы қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Іс-шара жыл сайын 27 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өтті.

«Шын мәнінде қоғамдық ұйымдардың рөлі өте зор. Себебі олар барлық саладағы түрлі мәселелерді шешу бойынша өздеріне жауапкершілікті алуға қауқарлы. Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында кездесу өтті. Осы орайда саладағы проблемаларды, алдағы уақытта жасалатын қадамдарды талқыладық. Жалпы, азаматтық сектордың өсіп келе жатқаны қауантарлық жағдай. Үкіметтік емес ұйым секторында қызмет етуге дайын адамдар көптеп тартылып отыр. Олар қоғамның әлеуметтік маңыздағы мәселелерін бірлесе шешуге мүдделі», - деді Эмин Аскеров.

Оның пайымынша, елімізде әлеуметтік кәсіпкер бағыты оңтайлы дамып келе жатыр.

«Мен әлеуметтік кәсіпкерлік саласының өкілі болып саналамын, бұл тұрғыда үлкен бағыттар қамтылған. Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлер саны артып келеді, олар мемлекеттік сипаттағы мәселелерді өздерінің күшімен шешуге дайын. Жалпы, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тренді бар. Биылғы шілде айына қарай әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасы болады деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлерге магистратура бар. Соңғы жылдары бұл салада елеулі жақсы жаңалықтар көбейіп келеді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар