-
ОНЛАЙН:
Жаңа ровердің Марсқа қону сәтінің видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) марсоходтың Қызыл ғаламшар бетіне қонған әсерлі видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Perseverance (Персеверанс) ровері тросс арқылы екі метр биіктіктен ғарыш платформасын түсірген, оған видео және фото құрылғылар ілінген: қону сәтін түсіру үшін 7 камера орнатылған.
Ровер қона салысымен Жерге Марстың бетінен суреттер мен басқа да мәліметтерді жібере бастаған болатын.
Perseverance ровері Джезеро кратеріндегі ежелгі өзеннің арнасынан екі шақырым бірнеше күн бұрын қонса да, «ауыр» бейнефайлдар енді ғана алынуда.
Роботтың қону сәтін видео арқылы бақылау – миссияға жауап беретін инженерлер үшін суретті көріп қана қоймай, болашақта басқа да роверлердің қону технологиясын жақсарту үшін маңызды.
Видеоны ВВС сайтынан көруге болады.
Еске сала кетсек, бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды.
Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті –тіршілік белгісін іздеу.
- Нигерияда қарулы топ 50 адамды ұрлап кетті
- Сеул тұрғындарының саны соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет 10 млн-нан азайды
- Жапон кәсіпкері 2023 жылғы Айға сапарына 8 адамды таңдап алады
- Жапония 13 елдің азаматтарына елге кіру ережесін қатаңдатты
-
Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді
-
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бірлескен мәлімдеме жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам