+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Алғыс айту күні: Алматыда «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 25 ақпан 19:25
Бөлісіңіз:
Алғыс айту күні: Алматыда «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі ҚР Тұңғыш Президентінің мұрағатымен бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді Алматыда білім беру орталығында бір жарым жасар қызды ұрып-соғу жөнінде іс қозғалды Бүгін Алматының қай көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Онлайн форматта өткен шара барысында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашыл жастардың көрмесі ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

«Алғыс айту күні-бұл өз еліне, өз жеріне, өзінің кіші отанына, өз отбасына алғыс айту мерекесі. Бұл мереке жастарға этностардың алдында қандай қиындықтар болғанын және осы қиындықтардың барлығын біртұтас Қазақстан халқына қалай біріктіргенін жастарға жеткізуге көмектеседі»,-деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев.

Шараға қатысушылар бүкіл қоғамның дамуы үшін халық бірлігінің маңызды екенін атап өтті.

«Бұл мерекенің негізі мен тамырын отызыншы, қырқыншы және елуінші жылдары ата-аналарымыз салған. Көптеген экономикалық, моральдық және тұрмыстық проблемалар туындаған қиын кезеңдер, біздің әкелеріміз бен аталарымыз бір-біріне көмектесу үшін бар күш-жігерлерін біріктірді. Нәтижесінде біз дамыған, жас мемлекет - Тәуелсіз Қазақстанға ие болдық. Осы жылдар ішінде Қазақстан осы жерде тұратын адамдардың достық университетіне айналды», - деді Қазақстанның гректер қоғамының «Филия» ЗТҚ қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алғыс айту күні 1 наурызда, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT