+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев Дүниежүзілік Сот төрелігі жобасының сарапшылар тобымен кездесті

2021 жылғы 25 ақпан 11:13
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев Дүниежүзілік Сот төрелігі жобасының сарапшылар тобымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Вашингтонда орналасқан Дүниежүзілік Сот төрелігі жобасының (World Justice Project) сарапшылар тобымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді Атырауда облыстық басқарма басшысы 2 млн 917 мың теңге айыппұл төлейді Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді

Агенттік төрағасы сұхбаттасушыларды саяси жаңғырту шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтарына назар аудара отырып, елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Өз кезегінде «Заң үстемдігі индексі» бағдарламасы бойынша директор Алиша Эвангелидес Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылуын жоғары бағалап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші (absence of corruption) бойынша үдемелі өсуді және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі жетекші рөлді ерекше атап өтті. «Біз одан әрі де ілгерілеуді көретінімізге сенімдімін. Қазір сіздер аймақтағы көшбасшылыққа емес, зор ауқымға бағдарланатын деңгейге жеттіңіздер», - деді сарапшы.

Сovid-19 пандемиясы кезінде құқық үстемдігін қамтамасыз ету шаралары сарапшылардың зор қызығушылығын тудырды. Олар дағдарыс кезеңінде алдын алу және қылмыстық-құқықтық шаралар тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту туралы ақпаратты оң қабылдады.

Сондай-ақ, шетелдік әріптестер өлім жазасын жою туралы оң пікір білдірді. Саяси бәсекелестікті күшейту тұрғысынан партияларды тіркеу үшін шектің төмендеуі атап өтілді. «Өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша үш партия өтті. Сонымен қоса, Парламентке өте алмаған жекелеген партиялар мәслихаттар деңгейінде өз позицияларын айтарлықтай нығайтты», - деді Алик Шпекбаев.

Кездесу соңында рейтинг агенттігінің өкілдері басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның белсенділігіне назар аударып, Антикор басшысына сергек болуға мүмкіндік беретін тұрақты ашық диалог үшін алғыс білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT