Алик Шпекбаев: Қазақстандықтардың жартысынан көбі жемқорлық азайғанын атап өткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың жартысынан көбі парақорлық деңгейінің төмендегенін атап өткен. Бұл туралы елордада өткен V жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жемқорлыққа қарсы реформалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сарапшылар Қазақстандағы жемқорлық жағдайына қатысты сараптама жүргізді. Еліміздегі азаматтардың жартысынан көбі соңғы жылдары жемқорлық деңгейі төмендегенін айтқан. Ал сауалнамаға қатысқан 76-дан астам кәсіпкер Қазақстанда кәсібіңді тек заң аясында дамытуға болатынын айтқан», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банк әлемдегі 214 елдің мемлекеттік басқару индикаторы аясында «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін егжей-тегжейлі зерттейді.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан ТМД елдерін басып озып, аталмыш индикатор бойынша өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті. Аз нәрсе істелген жоқ. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл конференция жемқорлықтың алдын алу деңгейі мен сапасына тікелей қатысты мәселелерге арналған», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар