Алик Шпекбаев қоғамдық бірлестіктің номинациясында «Жыл тұлғасы» атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Жыл тұлғасы» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 қаңтарда өткен «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен «Жыл тұлғасы» номинациясы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа берілді», делінген хабарламада.

2011 жылы құрылған қоғамдық бірлестіктің номинациялары мемлекет қайраткерлері мен шығармашылық интеллигенция өкілдерінің елдің мәдени және әлеуметтік-саяси өміріндегі елеулі жетістіктері үшін беріледі.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сәдібек Түгелдің айтуынша, А.Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қала, аудан, ауылдық әкімдіктерді сервистік үлгіге толығымен көшірудегі қомақты үлесі, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға белсене қатысу, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Адалдық алаңы» жобасын насихаттау, қоғам пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналған «Antikor Ortalygyn» ашу, сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамаларды іске асыру және т.б. бірқатар бастамалары үшін марапатталған.

Осыған дейін бұл номинацияға Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және т.б танымал ақын-жазушылар ие болған.


Соңғы жаңалықтар