Алик Шпекбаев мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруіне не ықпал еткенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлықпен күресте қоғамдық ұйым өкілдерінің қосып жатқан үлесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылып жатқанына бес жыл болды. Арнайы мониторинг тобы жұмыс бастағалы төрт жылдан асып кетті. Қазір қоғамдық маңызына байланысты арнайы мониторинг тобының мәртебесі ерекше. Бұл дегеніңіз - біздің қоғамның белсенді екенін, жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдарға көмек көрсетіп жатқанын паш етеді. Уәкілетті орган қылмыстық қудалаудан бұрын оның себептері мен алдын алу мәселесін маңызды санайды. Көп мәселе шешімін тапты. Бүгінгі күні жұмысымызға жақсы баға беріліп жатса, ол - ең алдымен арнайы мониторинг тобының еңбегі. Кейінгі 3 жылда жемқорлық жағдайының тұрақты түрде азайып жатқанын атап өткім келеді», - деді Алик Шпекбаев елордада арнайы мониторинг тобының отырысында.

Агенттік басшысы сонымен қатар, топ мүшелеріне қолдау білдіру керектігін де атап өтті.

«Парасаттылықтың халыққа жария рейтингін енгізіп жатырмыз. Онда мемлекеттік органдардың ашықтығы мен билік өкілдерінің қолжетімділігі сараланады. Биыл 100 сервистік әкімдік ашылды. 2020 аудан «open space» - ашық әрі еркін кеңістік форматына өтіп кетті. Бұл дегеніңіз мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеріп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, фронт-кеңсе ашу арқылы 300 мемлекеттік мекеме трансформациядан өтті», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Соңғы жаңалықтар