Әлішер Каримов карантин туралы: Әр азамат жауапкершілікті сезінуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздануына байланысты санитарлық бекеттер қойылып, шектеу шаралары күшейтілуде. Осыған орай танымал қазақстандық эстрада әншісі Әлішер Каримов ел азаматтарын карантин шараларын сақтауға әрі жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, атаулы күнді атап өткің-ақ келеді. Бірақ, қазір коронавируспен ауырып қалмау үшін барлық сақтық шараларын сақтаған абзал. Барлық той-томалақты уақытша шектей тұру қажет екендігін түсінеміз. Жалпы, өзім қай жерге барсам да маска тағып жүремін. Ал жастар не істеуі қажет? Олар сабыр сақтап, ойын-сауықтан бас тарта тұрғаны жөн. Қазіргі уақытта Еуропада, бірқатар шетелде коронавирус инфекциясының қайта өршігені байқалады. Әр азамат өзіне, өзінің, жақындарының денсаулығына жауапты болуы тис. Барлық азаматтарды санитайзер қолдануға, маска тағып, оны бірнеше мәрте ауыстырып отыруға, әлеуметтік арақашықтық сақтауға шақырамын», - дейді еліміздің танымал әншісі.

Сонымен қатар ол ел азматтарын ата-аналары мен жақындары жайында ойлауға, бөгде адамдармен қарым-қатынасты барынша шектеуге үндеді.

«Қазір онлайн концертке дайындық жүргізіп жатырмын. Әзірше үлкен залға тыңдарманымды жинай алмаймын. Бұл өте қауіпті. Өйткені, залда ең алдымен ата-анам отырады. Ал біреу инфекция алып келсе не болмақ? Ата-аналарыңызды, жақындарыңызды, іні-қарындастарыңызды ойлаңыздар. Оларды ойлаған кезде бірден байланысты барынша шектеуге тырысасың. Құдай сақтасын, бұл инфекциясыны жұқтырып алсаң, жақындарыңды да ауыртып алуың мүмкін», - деді Әлішер Каримов.


Соңғы жаңалықтар