Әлия Молдабекова мұнай нарығындағы ахуал жайында түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мұнай нарығындағы ахуал және 2021 жылы баға динамикасына әсер еткен негізгі факторлар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, жыл қорытындысы бойынша мұнай бағасының серпіні әсерлі қалпына келуді көрсетті, 2009 жылдан бері рекордты өсу қарқыны бір жылда +50,2% болды. Егер 2020 жылы «қара алтын» нарығында негізгі дирижер ұсыныс, атап айтқанда, ОПЕК+ альянсының квоталары болса, 2021 жылы әлемдік экономиканың біртіндеп қалпына келуіне байланысты фокус сұраныс жағына ауысты, бұл өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Жылдың соңғы айында мұнай бағасы қарашадағы күрт құлдырауды реттеді, баға белгілеулер бір баррель үшін 77,78 АҚШ доллары деңгейіне дейін бір айда 10,2%-ға қалпына келді», - деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, жаңа «омикрон» штамының барынша жеңіл белгілері туралы хабар, сондай-ақ АҚШ-тағы мұнай қорының төмендеуі мұнай бағасына қолайлы әсер етті.

«2022 жылғы қаңтарда мұнай нарығында бағаның өсуі жалғасты. ОПЕК+ альянсы бұрын келісілген өндіру бойынша тәулігіне +400 мың баррельге ұлғайтуды ұстануға шешім қабылдады. Алайда, инвесторлар өндірістің өсуі алдыңғы айларда квоталарға сәйкес өндірістің өсуіне қол жеткізе алмаған Ливия, Нигерия және Ресей сияқты елдер есебінен бекітілген лимиттерден артта қалады деп күтуде. Осы тұрғыдан баға белгілеулер жоғары деңгейде – бір баррель үшін 84 АҚШ доллары болып тұр», - деді ҰБ өкілі.


Соңғы жаңалықтар