Алматы әкімдігі 400 жаңа автобус сатып алмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есепті кездесуінде қала әкімдігі әлеуметтік маңызы жоғары бағыттағы маршруттарды субсидиялауды тоқтатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің басты мақсатымыз - жол ақысының тарифін көтеруге тосқауыл қою. Сондықтан 2021-2022 жылдары орта есеппен жол ақысы 200 теңге болған кезде 154 әлеуметтік маңызы бар маршрутқа 40 млрд теңге субсидия бөлінеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

2019 жылы осы бағытта 23,1 млрд теңге субсидияланған. 2020 жылға 24,2 млрд теңге бөлінді. Олардың ішінде жеңілдікпен жүретін жолаушыларға 4 млрд теңге жұмсалады.

Әкімдіктің хабарлауынша, қоғамдық көлікті жаңарту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

2019 жылы 450 жаңа автобус сатып алынса, 190-і жекеменшік автопарктерге тиесілі.

Қалалық автобус паркі 92%-ға жаңарған.

2020 жылға таман 401 автобус сатып алынады. Әсіресе газбен жүретін әрі электробустарға басымдық берілмек.

2019 жылы 10 электроавтобус жолға шықса, биыл тағы 17 автобус пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың есепті кездесуі өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар