Алматы әкімдігі ағаштан түсіп жатқан құрттарға қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі ағаштардан түскен құрттарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 15 сәуірден бастап жасыл желектерді зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Өңдеуден кейін ағаштардан құрттар төгілді.

Осыған байланысты Жасыл экономика басқармасы түсініктеме берді.

«Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Жапырақ егеуіш құрттар адамдарға қауіп төндірмейді. Құрттар өңдеуден кейін төртінші-бесінші күндері өліп қалады»,- деп хабарлады басқармадан.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, жұмыс барысында Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген, қауіптілігі төмен және арнайы сертификатталған препараттар пайдаланылады.

«Химиялық заттарға қарағанда, мұндай биологиялық қорғаныс заттарының басты ерекшелігі – олардың адамдарға және қоршаған ортаға зияны жоқ. Сонымен қатар, мұндай препараттар зиянкестерде тәуелділікті және патогенді микроорганизмдерде қарсылықты тудырмайды - оларды көптеген жылдар бойы, қолданатын заттың тұтыну нормасын арттырмай, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қалалық Жасыл экономика басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар