Алматы әкімдігі қызметі 2 аптаға тоқтайтын мекемелердің тізімін жасайды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қосымша шектеу шараларын енгізуге дайындық барысын талқыладық. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес қызметі екі аптаға тоқтатылатын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін анықтаймыз. Ал қызметін жалғастыратын мекемелер үшін санитарлық қауіпсіздік бойынша қатаң ережелер белгіленбек»,– деп жазды әкім.

Сонымен қатар, ол эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды екенін атап өтті.

«Сырқаттану мен ауруханаға жатқызу деңгейінің динамикасына қарай шектеу шараларын ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Бұл біздің әрқайсымызға байланысты», - деп толықтырды Б.Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар