USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматы әкімі кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

2022 жылғы 14 қаңтар 18:02
Бөлісіңіз:
Алматы әкімі кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев содырлар тонап кеткен сауда, қоғамдық тамақтану нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау басталды Алматыда қанша жол инфрақұрылымы қалпына келтіріледі Алматы әкімдігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына біркүндік жалақыларын аударады

Қала әкімі «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйін аралап көрді, мұнда 576 витрина сөресі қираған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жалға алу ақысын беру тоқтатылды.
Қала әкімі тәртіпсіздік салдарынан кәсіптері зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнестің барлық шығындары өтелетінін, сауда залдары қалпына келтірілетінін айтты. Тек ол үшін Үкімет дайындап жатқан механизмнің анықталуын күту керек.
Зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініштерін уақтылы пысықтау үшін полиция департаментіне кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдауды ұйымдастыруды тапсырды. Осы орайда «Атамекен» ҰКП консультативтік көмек көрсетуде.
Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ, «Мобилка», «Планета электроники» сауда үйлерін, «Қорған» қару-жарақ дүкенін, «Соломон» спорт тауарлары дүкенін және Қ.Сәтбаев көшесіндегі қоғамдық тамақтану нысандарын аралады.
Барлық дерлік нысандарда бүлікшілер бейнебақылау жүйелерін әдейі істен шығарған. Тонаушылар ең құнды заттарды алып кеткен нысандарды өртеген, ал жоғарыда тұратын пәтер иелері өртті сөндіруге көмектескен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT