Алматы әкімі Ресейден келген дәрігерлер қандай көмек көрсететінін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласына коронавируспен күреске көмек көрсету үшін Ресейден бір топ маман келді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

«Бауырлас қалалардың ынтымақтастығы туралы келісімшарт шеңберінде Мәскеуден Алматыға COVID-19 күреске көмек көрсету үшін бір топ маман келді. Оның құрамында денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, инфекционистер, эпидемиологтар, анестезиологтар, ревматологтар мен пульмонологтар бар»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Мамандардың бір тобы инфекциялық стационарлардың жұмысын, ауыр науқастардың емделу хаттамаларын және пациенттерді орналастыру жұмыстарын бағалайды. Қалған топ қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыру мәселелерін, барлық деңгейдегі КВИ-ден емделушілерге медициналық қызметтің көрсетілу деңгейіне мән бермек.

«Ал зертханалық зерттеулер жүргізу, жаңа стационарларды ұйымдастыру және оттегі газдарымен емдеу мәселелері жеке пысықталады. Сондай-ақ Моссанэпидқадағалаудың эпидемиологтары алматылық әріптестерімен пікір алмасып, кеңес береді»,– деп атап өтті әкім.

Бұған дейін Ресейден бір топ дәрігердің Қазақстанға келгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар