+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматы әкімі тамақ жеткізетін компанияларға жол ережесін сақтауды ескертті

2021 жылғы 21 сәуір 21:21
Бөлісіңіз:
Алматы әкімі тамақ жеткізетін компанияларға жол ережесін сақтауды ескертті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы скутер, мопед, велосипед, самокат мінген азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Akimat Live телебағдарламасының тікелей эфирінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кіші Алматы мен Есентай өзендеріне су деңгейін өлшетін қондырғы орнатылады Алматы: Жылу желісі сынақтан өткізілетін жерлерге көлік қоймау керегі ескертіледі Алматы жастарына қатысты бағдарламаның санаты кеңейіп, жеңілдетілген қарыз сомасы ұлғайды

Оның айтуынша, пандемия басталғалы Алматы жолдарында мопед пен скутерлердің саны артқан.

«Былтыр елде төтенше жағдай режимі жарияланып, Алматы жабылған кезде қалада курьерлік қызмет көрсететін, яғни азық-түлік пен басқа да тауар түрлерін жеткізетін мопедтер мен скутерлердің саны күн сайын артты. Тағы бір байқағанымыз, осы аталған көліктердің жүргізушілері шлем кимейді екен», - деді әкім.

Сонымен қатар, Алматыда скутер, мопед сияқты транспорттардың қатысуымен болатын жол апаттары көбейді.

«Біз Полиция департаментімен бірігіп, бұл мәселені назарға алдық. Нәтижесінде, сағатына 100 шақырымға дейін жүретін жүрдек скутерлер мен мопедтер бар екені белгілі болды. Олар тіркеуге алынбаған және оны тізгіндегендер көлік жүргізу құқығынсыз жүрген. Олар ешқандай ережелерді сақтамайды. Жақын арада біз жол полициясымен жұмыс істей бастаймыз»,- дейді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар әкім ережеге сәйкес, егер мопедтің қозғалтқыш көлемі 50 текше метрден асса, онда ол көлік ретінде полицияда тіркелуі керек және жүргізушінің тиісті санаттағы куәлігі болуы шарт екенін атап өтті.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, аталған көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылады.

«Жол полициясымен бірге рейдтер дүйсенбіде басталады. Азық-түлік және тамақ жеткізумен айналысатын барлық компанияларға алдын ала ескерту жасалды. Бұл бизнес екені анық, сұраныс бар екені түсінікті, бірақ ережелер сақталуы тиіс»,- деп қосты Бақытжан Сағынтаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT