«Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аса ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық әрекетті Алматы қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп тоқтатты.

«Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің «Алматы-Анталия» әуе рейсі арқылы құны 68 млн теңге жалпы салмағы 3,1 келі бірнеше алтын құйманы тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектескен», делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Екі ұйымдастырушыға әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа – 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Тәркіленген алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.



Соңғы жаңалықтар