+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматы әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

2021 жылғы 4 мамыр 12:52
Бөлісіңіз:
Алматы әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әуежайына Ashyq мобильді қосымшасы енгізіледі Қазақстанның 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі - жолаушылар нені білуі керек Елордалық әуежайда Ashyq қосымшасы енгізіледі

«Қаланың халықаралық әуежайында санэпид бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.2021 ж. № 13 қаулысына сәйкес Қазақстанға ұшып келу кезінде ПТР нәтижелерінің болуы міндетті. Мәселен, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы депортацияланды»,-деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Айта кетерлігі, қалалықтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау қарқынды жүруде.

«4 мамырдағы жағдай бойынша екпені 226 258 адам алды, оның ішінде 4 878 полиция қызметкері, 18 210 педагог, 24 391 дәрігер. Егілгендердің жалпы санын 60 жастан асқан 30 256 адамды құрайды», -дейді эпидемиолог.

Сонымен қатар, ол халықты коронавируске қарсы екпе алуға шақырды.

«Алматылықтарың екпе алғандары жөн, бұл ағзаны коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғауға, сондай-ақ мегаполисте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОО-да 211 егу пункті жұмыс істейді. Оған 1809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмылдырылған,-деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT