Алматы ауруханаларында 400-ге жуық дәрігер жетіспейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус инфекциясына байланысты дәрігерлер жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде мегаполистің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 6 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңға жуық орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың адамды медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен қамтамасыз ету 30,7 пайыз. Бұл орташа республикалық стандарттардан төмен. Медбикелермен қамтамасыз ету - 65,8, санатпен қамту - 45%. Коронавирустың қолайсыз жағдайын ескере отырып, бізде 376 бірлікте дәрігерлер жетіспейді», - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева Қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, қаланың медицина ұйымдарына анестезиолог, реаниматолог, эпидемиолог, педиатрлар мен жалпы тәжірибе дәрігерлері қажет.


Соңғы жаңалықтар